Бізбен жұмыс істеудің жемісі келесідей:

- жоғары сапалы өнім;

- бәсекеге қабілетті бағалар;

- ақыл-кеңес;

- барлық кезеңдегі сапалы сервис;

- оқу тренингтері мен семинарлар.


Компания жайлы

Aliaxis тобы әлемдік жетекші өндіруші болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй және коммерциялық құрылыс барысында, сондай-ақ, өнеркәсіптік және қоғамдық инфрақұрылымдық жобаларда қолданылатын сұйықтықтарды тасымалдауға арналған пластикалық жүйелер.

Aliaxis концерні – пластикалық құбырлар жүйесін жеткізуде әлемдік көшбасшы http://www.aliaxis.com/

Біздің компания құбырларға қажет біріктіргіштер мен бекіткіш арматуралардың, сондай-ақ, ғимараттар мен жайлардың инженерлік жүйелерінің кең көлемін өндіріп, жеткізумен айналысады. Жеткізілетін бекіткіш арматура әр түрлі полимер материалдардан жасалады (ПВХ, ХПВХ, ПЭ, ПП, АБС, ПВДФ). 

Біздің брендтердің даралығы айқын және өздерін қолданатын нарықтарда берік орналасқан. Aliaxis 40-тан астам елде жұмыс істейді, 100-ден астам өндірістік және коммерциялық кәсіпорны бар.  Aliaxis ауқымында 14000-нан астам адам еңбек етеді. Біздің Еуропа мен Солтүстік Америкадан бөлек, Латын және Оңтүстік Америка, Австралия, Азия нарықтарында жобаларымыз бар. Сала, құрылыс қағидаттары мен ережелеріне байланысты стандарттар туралы жергілікті және жаһандық дәрежедегі білімімізді пайдалана отырып, делдалдар желісі арқылы құрылыс және жобалау ұйымдары, барлық мердігерлер мен тапсырыс берушілер тараптарына үнемі озық үлгілі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз. Біздің топтағы қуатты ноу-хаумен және халықаралық деңгеймен үйлесім тапқан жергілікті халықтың кәсіпкерлік рухының арқасында, бүкіл әлем бойынша өнеркәсіптің негізгі бағыттарында өз ұстанымымызды жетілдіріп, дамытуды жалғастырудамыз.   

2011 жылдың қазан айында Қазақстандағы Алматы қаласында Aliaxis концернінің өкілдігі – «Friatec FIP Kazakhstan» ЖШС ашылды.

 


Сумен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелері, кәріз жүйелері, технологиялық құбырлар, фитингтер, шүмектер, тиектер, құбырлық арматура, шар түріндегі шүмектер, клапандар, бекіткіш арматура, FRIALEN, FRIAMAT, FRIAFIT, FRIATOOLS, FRIALOC, FIP, Baenninger, Reinert-Ritz.